Басшылық

  • НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы

    Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы
  • Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы

    «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

    Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (1960 жылы 12 желтоқсанда  туған, ҚХР, Шәуешек қаласы) 
    Қазақстанның мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001). 

    Өмірбаяны

    Қытай Халық Респубикасының Шәуешек қаласында туған. 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға оралып, Мақаншы ауылына орнығады (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы). 
     
    Қазақ мемлекеттік университетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
    «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы, 1982–1992).
    «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999).
    Бұған қосымша 1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор міндетін атқарушы (Алматы).
    1995 жылы «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары» (революцияға дейінгі орыс энциклопедиялары бойынша) деген тақырыпта кандидаттық диссератция қорғады.
    1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
    ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы  (Астана, 1999–2001).
    2001 жылғы 31 мамырда Жоғарғы аттестациялық комитеттің шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
    ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003).
    ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы (Астана, 2003–2006).
    ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы, (Астана, 2006-2007).
    Қызылорда облысының әкімі. Бұған қосымша 2008 жылдың наурызында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды (Қызылорда, 2007–2008).
    ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010).
    ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012).
    ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013).
    ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014).
    2014 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
    2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың (РҚШ) жетекшісі болды.
    Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).
    2016 жылғы 6 мамырда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

    Ғылыми жұмыстары
    «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары». 
    «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)».
    Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
    200-ден астам Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыпты ғылыми жарияланымның авторы.

    Марапаттары
    Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996),
    «Құрмет» ордені (2004),
    «Парасат» ордені (2010),
    6 мерейтойлы медалімен марапатталған,
    Астана қаласының құрметті азаматы,
    Абай ауданының құрметті азаматы.

  • Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы

    «Нұр Отан» партиясының Хатшысы
    1951 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Сазтөбе ауылында дүниеге келген.
    1973 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған
    1985 жылы Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген
     
    1993-1997 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
    1997-1999 ж.ж. ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрағасы
    1999 жылы ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары
    2000 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
    2003 жылы ҚР Ішкі істер министрі
    2007 жылы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
    2009 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
    2012 жылы Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
    2012 жылы Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
    2015 жылы «Нұр Отан» партиясының Хатшысы
     

    Марапаттары:

    2003 жылы «Кұрмет» ордені.

    2015 жылы «Парасат» ордені.

  • Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы

    «Нұр Отан» партиясының Хатшысы
    1968 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет басқарудың Ұлттық жоғары мектебін, Саяси зерттеулер ұлттық институтын (Токио) бітірген.
    Инженер-системотехник, мемлекеттік басқарудың магистрі.
    Еңбек жолын Алматы қ. «Казгипросельхоз» аумақтық мемлекеттік жобалау институтында техник болып бастады.
    ҚР ҰҒ Ақпарат және басқару проблемалары институтында, банк саласында жұмыс істеген.
    1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық Кеңес Хатшылығының аға сарапшысы болып тағайындалды.
    1997–2003 ж.ж. дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттікте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, ҚР Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
    2003 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
    2005–2007 ж.ж. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі, кейін басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
    2007–2008 ж.ж. — ҚР Білім және ғылым вице-министрі.
    2008 жылдан 2010 жылғы сәуірге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.
    2010 жылдың сәуірінен 2014 жылғы маусымға дейін — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
  • ЖҰМАШЕВ ҚАНЫБЕК БЕКБОЛАТҰЛЫ

    «Нұр Отан» партиясының Хатшысы

    1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауданында дүниеге келген.
    1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
    2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

    1992-1993 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Каражанбасмунай» АҚ инженері.
    1993-1995 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі.
    1995-1997 ж.ж. Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті.
    1997-1998 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі.
    1998-2000 ж.ж. Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы.
    2000-2004 ж.ж. Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.
    2004-2005 ж.ж Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары.
    2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы.
    2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары.
    2005-2006 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі.
    2006-2007 ж.ж. Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры.
    2007-2010 ж.ж. Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы.
    2010-2012 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
    2012-2014 ж.ж. "Нұр Отан" партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
    2014-2015 ж.ж. "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары.
    2015 жылы "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.
    2015 жылдың қараша айынан бастап "Нұр Отан" партиясының Xатшысы.

    Марапаттары:

    2006 жылы Білім үздігі
    2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне  20- жыл» мерейтойлық медалі 
    2012 жылы «ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл» 
    2013 жылы «Құрмет» ордені

  • Годунова Наталья Николаевна

    «Нұр Отан» партиясының Хатшысы
    1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген
    1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген
    Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын тәмәмдады
     
    1993-1996 ж.ж. Орал қаласындағы «Агропромбанк «Орал» экономисі
    1997-1998 ж.ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің жетекші маманы, басшысының орынбасары, басшысы
    1998-2004 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппараты экономикалық реформа бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы
    2004-2005 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры
    2005-2006 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің экономист-кеңесшісі
    2006-2009 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі
    2009-2012 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілінің қызметін атқарушы
    2012-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі
    2013-2015 ж.ж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
    2015 жылы «Нұр Отан» партиясының Хатшысы

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10