«Ардагерлерді ардақтайық»

Өзектілігі

Партияның саяси доктринасында «Әлеуметтік саясат әрбір азаматтың әлеуетін жүзеге асыруға теңдей мүмкіндіктер жасауға бағытталуы тиіс. 
Азаматтардың барлығы өмірдің жоғары үлгі-қалыптарына сай келетін әлеуметтік қызметтерге тең қол жеткізе алатын болуы керек. Бұған  мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақшыл жауапкершілігі арқасында қол жеткізілуі қажет.
Атаулы әлеуметтік көмек халықтың әлсіз топтарына ғана көрсетілуі керек. Мемлекеттік қолдау ең алдымен азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді араластыруға бағытталуы керек» - деп көрсетілген.
Мақсаты: Ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту. 

Міндеттер
1.    Мақсатты топқа мемлекеттік қызметтің көрсетілуінне партиялық бақылауды қамтамасыз ету. 
2.    Аға ұрпаққа медициналық және тұрмыстық қызмет көрсетудің мобильдік түрлерінің дамуына ықпал ету.
3.    Аға ұрпақты әлеуметтік қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызды бастамалар мен бағдарламаларды анықтау, дәріптеу және жүзеге асыруға ықпал ету.
4.    Аға ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.
5.    Қарттарға көмектесетін еріктілер қозғалысына қолдау көрсету.
6.    Әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша аға ұрпақ азаматтарын ақпараттандыру.
7.    Қоғамда аға ұрпаққа құрметпен қарауды, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жауынгерлік және еңбек ерліктерін мақтаныш тұту сезімдерін қалыптастыру.

Жоба менеджері: БОРАНБАЙ Сырым Боранбайұлы, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің консультанты.

Байланыс мәліметтері: s.boranbay@nurotan.kz

Жаңалықтар

  • Жұма, 30 желтоқсан 2016 г.

    «Ардагерлерді ардақтайық»  партиялық жобасы аясында«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев мекен-жайы бойынша еңбек ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. 

  • Бейсенбі, 3 қараша 2016 г.

    «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында «Федоров» бастауыш партия ұйымының мүшелері медицина қызметкерлерімен бірігіп, еңбек ардагерлерінің үйлерін аралады.

    Бір реттік емес іс-шара жалғыз басты қариялардың денсаулығын тексеру және тұрмыс жағдайын анықтау мақсатында ұйымдастырылған. Зейнеткерлердің дәрігерлік тексеріс қорытындысы бойынша медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынады.

  • Сәрсенбі, 2 қараша 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы «Жас Отан» жастар қанатының бір топ белсенді мүшелері ІІ топ мүгедегі Биғайша Хисметованың үйіне арнайы барып, үй шаруашылығы жұмыстарына қолғабыс жасады.

    Нақтырақ айтсақ, жасотандықтар кеғмбағал жанның ауласын күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтардан арылтып, үйін тазалап, тозығы жеткен түзеп берді.

  • Дүйсенбі, 3 қазан 2016 г.

    Халықаралық қартар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік облыстағы белді еңбек, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті.

    Бейнетінің зейнетін көріп отырған жандарға  партия өкілдері қоғамның қазіргі тыныс-тіршілігін, партия тарапынан атқарылып жатқан игі істерді баяндады.

  • Жұма, 30 қыркүйек 2016 г.

    «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 1 қазан қарттар күніне орай Атырау облысы, Махамбет аудандық ауруханасының бастауыш партия ұйымы мүшелері ардагерлерді кешенді медициналық тексеруден өткізді.

  • Сәрсенбі, 28 қыркүйек 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында «Жастар ресурстық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында кездесу өтті.

    Ашылу салтанатында Қордай ауылдық округінің әкімі М.Атшабаров сөз сөйлеп, тілегін білдірді.  Кездесуге еңбек және соғыс ардагерлері және ауданның белсенді жастары қатысты. Ардагерлер өзінің еңбек жолында көріп-білген кеңестерін, өмір жолындағы тәжірбиелерімен және ақылдарын жас ұрпақтарға айтты.

  • Сейсенбі, 27 қыркүйек 2016 г.

    Айлық аясында облыстық филиал өкілдері «Біз біргеміз» атты шара ұйымдастырып соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетуді бастап кетті.

  • Дүйсенбі, 26 қыркүйек 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы Астана қаласы мәслихатының депутаты Саят Батпеновпен бірлесе, Астана қаласының еңбек ардагерлерін, қарттарын, зейнеткерлерін «Есіл» өзенінде кемемен серуендетті.

    Жас партиялықтар «25 игі іс» Республикалық акциясын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай, «Ардагерлерді ардақтайық», «Жастар-Отанға!» партиялық жобаларын іске асыру аясында өткізіліп отыр.

  • Дүйсенбі, 26 қыркүйек 2016 г.

    Павлодар облысында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Халің қалай, ардагер?» атты акция өткізілуде. Акцияның мақсаты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларымен танысу болып табылады. Партиялықтар атқарушы органдар мен «Жас Отан» ЖҚ белсенділерімен бірлесе ардагерлердің үйлерін аралап, мұң-мұқтаждарын біліп қайтуда.

  • Сәрсенбі, 21 қыркүйек 2016 г.

    Теміртау қалалық Ардагерлер Кеңесімен бірлесе отырып Теміртау қаласының қарттарына аумақтық филиал, бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен, «Жас Отан» ЖҚ белсенділерімен  көмек көрсету дәстүрге айналды.

    Мәселен, Ақтау кентінде тұратын зейнеткер Василий Бедаевке көмек көрсетілді. Партияның белсенділері ардагердің үйінің қабырғасын  сылау жұмыстарын жүргізді.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10