«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту»

Өзектілігі

Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауында «Экономика дамуының жаңа сыртқы қауіптерін ескере отырып, іскерлік белсенділікті және жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар керек» деп атап өтіп, Инфрақұрылымды дамыту жоспарын жариялады.

Жұмыспен қамту саясатының ерекше мәні ел халқының 43%-ы тұрып жатқан ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Жобаның басты идеологиялық аспектілерінің бірі мамандандырылған ҮЕҰ, жастар қоғамдық бірлестіктерін тарту арқылы партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологиясын ілгерілету, спикерлердің сөйлейтін сөздерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы партия бағдарламасының қағидаларын пайдалану, жобаның мақсатты топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бойынша мақсатты іс-шараларды өткізу және т.б. 

Мақсаты

Aуыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және ауылдық жерде жеке қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлық өндірісті дамыту. 

Міндеттері:

1. Ауыл тұрғындары үшін несие қаражатының қол жетімдігін арттыруға, мал шаруашылығы өнімдерін дамытуға ықпал ету.

2. Жобаны іске асыру шеңберінде қаражаттың тиімді қолданылуы бойынша партиялық бақылау жүргізу.

3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету

Жоба менеджері: Әлібеков Сәкен Серікұлы, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты  стратегия және мониторинг Департаментінің консультанты 

Байланыс мәліметтері: s.alibekov@nurotan.kz

Жаңалықтар

  • Сейсенбі, 15 қараша 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік бағдарламалардың тиісті іске асуын қатаң бақылайды. Партияның Зырян аудандық филиалы «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында іске асып жатқан жобаларды аралап, жұмыс барысымен танысты.

    Аталмыш бағдарлама аясында «Бородино» шаруа қожалыңында 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу қолға алынған. Бүгінгі таңда жұмыстың 100 пайызға жуығы еңсерілген. Құны 34 млн теңгені құрайтын сүт сауу аппараты орнатылды. Тауарлы сүт фермасы алдағы айда ашылады деп жоспарлануда.

  • Бейсенбі, 21 шiлде 2016 г.

    Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында «Нұр Отан» партиясының «Ауыл халқын жұмыспен қамту» атты акциясы аясында дөңгелек үстел өтті. «Ауыл – келешегі мен дамуы» деген тақырыппен өткен шараға ауылшаруашылық құрылымдарының жас жетекшілері, өз кәсібін ашуға ниетті азаматтар қатысты.

  • Сәрсенбі, 15 маусым 2016 г.

    Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле аудандарында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасының шарттары мен механизмдерін тұрғындарға түсіндіру бойынша қабылдау акциясы өткен болатын. Соның бірі «Нұр Отан» партиясы Іле  аудандық  филиалының  мәжіліс  залында өтіп, республикалық координатор Қ.Оспанбеков аталған жоба бойынша өз ойларын ортаға салған болатын.

  • Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлескен түрде «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыруды бастаған болатын. Жобаның түпкі мақсаты - ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету.  Жобаны тиімді жүзеге асыру бойынша үйлестірушісі болып партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының консультанты Қанатбек Оспанбеков белгіленді. Бүгін ол Ақтөбе облысына келді.

  • Дүйсенбі, 19 қазан 2015 г.

    Таза ауыл, таза көше – халықтың кең тынысы. Целиноград ауданының бірлігі жарасқан тұрғындарына тазалық шарасы әу бастан үрдіске айналған.

    «Әдетке айналдырған бұл шараны ауылдықтар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қолдауымен «Біздің ауыл» жобасы аясында өткізді», - деді «Нұр Отан» партиясының Целиноград аудандық филиалының есеп меңгерушісі  Рахымжан Сейдахметов.

  • Сейсенбі, 29 қыркүйек 2015 г.

    «Біздің ауыл» жобасы аясында Миялы ауылдық округінде тазалық айлығының алғашқы сенбілігі ұйымдастырылып, оған қатысқан «Мұражай» БПҰ-ның бастамасы бойынша 63 мекеменің қызметкерлері  8 учаске бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді.

    №1 мектеп-гимназиясы мен орталық аурухана маңындағы ағаш алқаптары,  ауыл шетіндегі күл қоқыс алаңының айналасы тазаланды. Т.Қарабалин, А.Құнанбаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолындағы және жол жиектеріндегі қалың өскен шөптер шабылды.

  • Сейсенбі, 29 қыркүйек 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында партияның сайлауалды тұғырнамасының «Ауылды қолдау және дамыту» бағыты бойынша сараптама тобының отырысы өтті.

    Күн тәртібінде 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2015 жылы Қостанай обылысында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін дамыту мәселесі қарастырылды. Облыстық маслихат депутаты Ибраш Естаевтың басшылығымен өткен отырысқа мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық маслихат депутаттары және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

  • Жұма, 25 қыркүйек 2015 г.

    Өңірде күн сайын дала кемелері таңертеңнен бастап кешке дейін астықты бастыруға асығады.

    Комбайншылар бидайды, арпаны, соя, мақсырды лезде жинауға тырысып, тек түскі асқа сәл үзіліс қана жасайды. Егін жинау науқаны Ақмола а. «Феникс» филиалы бастауыш партиялық ұйымның төрағасы, «Ақмола-Феникс» АҚ агроөнеркәсіп кешені департаментінің директоры Денис Плужниктің қадағалауымен жүргізіледі.

  • Сейсенбі, 22 қыркүйек 2015 г.

    Ақмола облысындағы «Нұр Отан» партиясы Сандықтау аудандық филиалының «№8 Лесное сайлау округі» «Біздің ауыл» жобасы аясында маңызды істер атқарып жатыр.

    Ағымдағы жылы БПҰ бастамасымен 24 сенбілік және 5 экологиялық науқан ұйымдастырылды. 120-дан астам көшет пен бұта отырғызылып, 75 м2 гүлбақша мен гүлзарлар өсірілді.

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер қолдауымен Михайловка, Речное, Бастрымовка ауылдарында жол тегістелді.

  • Жұма, 11 қыркүйек 2015 г.

    Шығыс Қазақстан облысы  Көкпеті ауданы Карамойыл аулында «Нұр Отан» партиясы «Бақытты балалық» жобасы аясында  30 орындық шағын мектеп ашылды.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10