«Айқын тариф»

«Айқын тариф» 

Өзектілігі

«Нұр Отан» партиясының Доктринасында жалпы мүдделермен проблемаларды шешу үшін біріккен азаматтардың белсенділігі еліміздің дамуының ең маңызды шарттары болып табылады деп айтылған.

«Нұр Отан» партиясы адамның игілігі мен заңды мүдделерін, оның мәртебесі мен құқықтарын қолдайды.

Жауапты азаматтық қоғам – бұл демократиялық даму мен мемлекеттік басқару тиімділігінің өзекті факторы.

«Нұр Отан» партиясы – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі. Сондықтан біз азаматтық бастамаларды дамыту, қоғамдық бірлестіктер арасындағы кең диалог, қоғамдық бақылауды нығайту үшін жағдай жасауымыз қажет.

 

Мақсаты

Тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсу себептері мен негізділігі туралы, ПИК қызметі туралы хабарлау.
Міндеттер: 
1.Қолданыстағы тарифті қалыптастыру тетіктерін жетілдіру.
2.Коммуналдық қызметтің тарифтерін бекіту кезінде бұқаралық тыңдауларды өткізу айқындылығына партиялық бақылауды қамтамасыз ету.
3.Тұтынушыларға тарифтерді өзгерту себептері, коммуналдық қызмет көрсетулердің жоспарланған тарифтерінің мөлшері туралы ақпараттандыру;
4.Тұтынушыларға табиғи монополиялар мәселелеріне қатысты заңнамаға тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру бойынша түзетулер мен толықтырулардың енгізілуі туралы хабарлау. 
5.Тарифті қалыптастыру мәселелері бойынша консультациялар өткізу. 

Жоба менеджері: Доспаев Мақсұт Зинелгалиұлы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты стратегия және мониторинг Департаментінің консультанты.

Байланыс мәліметтеріm.dospayev@nurotan.kz

 

 

Жаңалықтар

  • Сейсенбі, 1 қараша 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалы «Айкын тариф» жобасы бойынша кездесу өткізді.  Коммуналдық қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері экономиканың даму талаптарына сәйкес тарифтердің өсу заңдылығын тұрғындарға түсіндірді.

  • Сенбі, 22 қазан 2016 г.

    «Айқын тариф» жобасы шеңберінде Көкшетау қаласындағы «Ақбас» ПИК-де  мемлекеттік органдары мен коммуналдық қызмет  өкілдерінің қатысуымен коммуналдық сала жүйесінде тарифтің қалыптасуы бойынша  қоғамдық тыңдалым  өтті.

    Кездесуде тұрғындарды мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің қызметінің айқындылығын жайлы ақпараттандырды.

  • Дүйсенбі, 17 қазан 2016 г.

    Республикалық желілік кестеге сәйкес «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы «Айқын тариф» партиялық жобасы аясында мемлекеттік органдар, коммуналдық қызмет көрсету өкілдерінің басшылары және мамандары, үкіметтік емес ұйымдар төрағаларының  кездесуін өткізді.

    Партия филиалының кеңесшісі С.Әбдіхалықов өз сөзінде партиялық жобаның мақсаты - тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсу себептері туралы ПИК қызметіне хабарлау, түсіндіру жүргізу.

  • Сенбі, 15 қазан 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Айқын тариф» партиялық жобасы аясында тұрғындармен кездесу өткізілді.

    Кездесуге аудандық тұрғын-үй және коммуналдық қызмет көрсету бөлімінің басшылығы, жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің өкілдері, аудандық пошта байланыс торабы мен аудан тұрғындары қатысты.

  • Жұма, 14 қазан 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының өкілдері «Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық бағдарламасының орындалу барысына талдау жүргізді.

  • Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 г.

    Солтүстік Қазақстан облыстық партия өкілдері Петропавлдық коммуналдық қызметі және мемлекеттік органдар  өкілдерімен кездесті. Кездесу «Айқын тариф» партиялық жоба аясында өтті. Кездесуге қатысушылар коммуналдық қызметке тарифті белгілеу туралы баяндап берді.

  • Сейсенбі, 20 қыркүйек 2016 г.

    «Еркін пікір» дискуссиялық клубы» – бұл барлық қатысушылардың өз пікірлерін ортаға салып, көзқарастарын білдіруге мүмкіндік жасалған алаң. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында ұйымдастырылған кезекті басқосуға облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев, облыстық мүгедектер спорты федерациясының төрағасы Бауыржан Тақауов келіп, студент жастармен пікір алмасты.

  • Бейсенбі, 21 шiлде 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалында «Айқын тариф» партиялық жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар және коммуналдық шаруашылық мекемелері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үслел өтті. Тариф қалыптастыру мәселелері қаралған басқосуға қалалық мәслихат депутаттары мен партия ардагерлері және тұтынұшылар қатысты.

  • Жексенбі, 17 шiлде 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалында «Айқын тариф» жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар және коммуналдық кәсіпорындар өкілдерімен тариф қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Отырысқа монополиялық құрылым жетекшілеріне сұрақтары бар тұтынушылар шақырылды.

  • Сейсенбі, 31 Мамыр 2016 г.

    Ақмола облысындағы «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалының өкілдері «Айкын тариф» жобасы шеңберінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг өткізуде.

    Іс-шараға Есіл аудандық кәсіпкерлік, денсаулық сақтау бөлімдерінің, қала әкімдігі мен аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Рейд барысында аудан орталығындағы тұрғындар арасында танымал дүкендер мен сауда үйлер қамтылған болатын.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10