«Бақытты балалық шақ»

Өзектілігі

Партияның саяси Доктринасында отбасы қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты деп айтылған. Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады. Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау мемлекеттігіміздің дамуының басты жағдайларының бірі болып табылады.
Қоғамда партияның Саяси Доктринасының құндылықтарын ілгерілету жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың контекстінде практикалық көрініс табады.
 

Міндеттер
1. Отбасының және отбасылық тәрбиенің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірін, сондай-ақ  азаматтардың өз балаларынан бас тарту әрекеттерін қоғамның қабылдамауын қалыптастыру.
2. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектеріне, сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған балалары бар аз қамсыздандырылған отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған күш-жігерлерін шоғырландыру.
3. Аз қамсыздандырылған және жайсыз отбасыларына, сондай-ақ балалар үйлерінің түлектеріне психологиялық және құқықтық көмекті көрсету;
4. Партиялық қоғамдастық пен бизнес-қауымдастықты өткізіліп жатқан жұмысқа тарту, ортақтастық сезімді қалыптастыру,
5. Профильді мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау тиімділігіне қоғамдық бақылауды ұйымдастыру.

Мақсаттары

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізу; балалар үйлерінің тәрбиеленушілер мен түлектерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар аз қамсыздандырылған және жайсыз отбасыларын әлеуметтік бейімдеу және практикалық көмек көрсету жұмыстарына жұртшылықты тарту.

 

Жоба менеджері: БУХАРИНА Марина Александровна, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты саяси жұмыс Департаментінің консультанты.

Байланыс мәліметтері: m.bukharina@nurotan.kz

Жаңалықтар

  • Жұма, 30 желтоқсан 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Жаңа жыл қарсаңында Өскеменде орналасқан «Ана үйіне» барып, сәбилерге сыйлықтар табыстады.

    Өскеменде аналарға пана болған арнайы үй бар. Мұнда 15 жас ана сәбилерін тәрбиелеп жатыр. «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында бүлдіршіндерге қамқорлық танытты.

  • Сәрсенбі, 28 желтоқсан 2016 г.

    Павлодар облысында «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында жетім балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері – облыстық мәслихат депутаты Қайрат Әбішев және Павлодар аудандық мәслихаты депутаты, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Тезекбаева Шақат ауылындағы балалар үйіне барды.

    Депутаттар балақайларды Жаңа жылмен құттықтап, 2017 жылы барлық жақсылықтарды тіледі.

  • Дүйсенбі, 26 желтоқсан 2016 г.

     

    «Нұр Отан» партиясы Ақмола облысы Сандықтау аудандық филиалының бірінші орынбасары Лариса Ловягина, облыстық мәслихат депутаты Ғалымбек Баймышев және аудандық мәслихат депуататтары мен мемлекеттік қызметкерлер «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында Сандықтау балалар үйіне барды.

  • Сейсенбі, 27 қыркүйек 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының Орталық аппарат қызметкерлері «Мектепке жол» акциясына белсенді ат салысты. Іс-шараның мақсаты – оқушы балалары бар жағдайы төмен отбасыларға бүлдіршіндерін мектепке даярлауға жәрдемдесу. Аталған акция «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Осы мақсатта партияның Орталық аппарат қызметкерлері 700 мың теңгеден аса қаражат жинап, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек алуға көмектесті. Нақтырақ айтсақ, 12 аз қамтылған отбасындағы 35 балаға жәрдемдесті.

  • Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 г.

    Ақмола облысы Ерейментау қаласында жекеменшік жаңа балабақша ашылды. Балабақша ашылуына Ерейментау ауданы әкімі Ермек Нұғыманов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасы Сара Дүйсембаева қатысып, салтанатты түрде лента сызығын қиды. Партия өкілдері аталмыш мекеме Елбасы Жолдауында жарияланған «Балапан» бағдарламасы аясында ашылғанын атап өтті.

  • Дүйсенбі, 19 қыркүйек 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай аудандық филиалында патронатты ата-аналармен кездесу форумы ұйымдастырылды. Өзгенің баласына жат қылық танытпай, бауырына басқан ата-ана қандай да болсын құрметке лайық. Облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер форум барысында ақжүрек жандарға алғыстарын білдірді.

    Өзге отбасында болса да ата-ана мейірімі мен қамқорлығын сезінген бүлдіршіндер туралы бейнефильм көрсетіліп, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

  • Жұма, 9 қыркүйек 2016 г.

    Алматы қаласының 1000 жылдығына орай жеке сектордың интелектулды әлеуеті мен қаржылық қорын пайдалану нәтижесінде «AlmatyTutoring AT» балаларды дамыту орталығы ашылды. Оның бой көтеруіне Медеу аудандық әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жан-жақты қолдау көрсетті.

  • Жұма, 9 қыркүйек 2016 г.

    Партияның Алға аудандық филиалы «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында балалар үйінің түлектерін «Актеп» мал шаруашылығы кешенімен таныстырды.

    - Жастар жоғарғы сыныпқа келгенде мамандық таңдай бастайды. Олардың таңдауы болашақ өміріне толығымен әсер етеді. Сондықтан біз жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші түлектерге қолдау білдіру қажет деген оймен осында алып келдік, - дейді партияның Алға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Сейдалиев.

  • Сәрсенбі, 7 қыркүйек 2016 г.

    Алматы қалалық партия филиалы «Мектепке жол» акциясы аясында 62 тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсеткен.

    «Біздің филиалға әлеуметтік жағдайы нашар 62 отбасы көмек сұрап келді және олардың барлығына да мүмкіндігінше мектеп оқушыларының сөмкелері мен оқу құрал-жабдықтарын сыйлау түрінде жәрдем берілді», - дейді партияның Әуезов аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров.

  • Сейсенбі, 6 қыркүйек 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова «Парасат» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты. 

    «Парасат» БПҰ Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері негізінде құрылған. Бастапқы партиялық ұйымның сандық құрамы 90 адам.  «Парасат» БПҰ 3 ай ішінде өзінің сандық құрамын 10 партия мүшелерінен 90 адамға дейін жеткізді. Бастапқы партиялық ұйым партияның жобаларын, партиялық іс-шараларды және т.б. жүзеге асыруға белсенді түрде ат салысады.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10