Бақытжан Әбдрайым: Қазақстандағы жаңа технологияларды дамыту туралы

Бақытжан Әбдрайым, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Қазақстанда жоғары технологияларды дамыту бағытында, 3 трлн теңгеге 900-ден астам жоба енгізіліп, 85 мың жұмыс орны құрылды. 2004 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР ЖІӨ-дегі инновациялық өнімдердің үлесінің өзгерістерін талдай отырып, екі негізгі кезеңдерді атап өтуге болады. Бірінші бесжылдық кезең – 2004-2009 жылдары инновациялық өнімнің үлесі 1,6% болып, кейін 0,5%-ға дейін кеміген. Екінші бесжылдық кезең – 2010-2013 жылдары инновациялық өнімнің үлесі біртіндеп 1,6%-ға өсті.

Қазіргі таңда жоғары технологиялық бизнесте және экономика саласында үш ірі орталық қалыптасқан – АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа. Бұлар әлемдегі сандық техниканың 90%-ын өндіреді.

Бүгінгі күні, жалпыұлттық басымдықтардың бірі  «сандық қоғамды» енгізу болып табылады. Ғылым мен техника саласындағы барлық ақпараттың 95%-ы сандық форматта жарияланады. Дәл мұндай жағдай бұқаралық ақпарат нарығында да қалыптасып отыр.

Экономика саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жоспарлануда. Электронды сатып алынатын жол жүрге арналған билеттердің үлесі келесі жылы 40%-ға, ал 2020 жылы 100%-ға жетеді.

Одним из наших общенациональных приоритетов является масштабное внедрение «цифрового общества». 95% всех средств массовой информации в сфере науки и новых технологий публикуются в цифровом формате. Аналогичная ситуация складывается на рынке средств массовой информации.

Онлайн сауданы дамыту, электронды қызмет көрсету, сандық телевидение, мобилді интернет, қашықтықтағы оқыту, өндірістік интернет (3D принтинг), сондай-ақ, келесі жылы қазақстандық каналдардың 100 шетелдік мемлекетке, ал 2020 жылы 110 шетелдік мемлекетке таралымы жоспарланып отыр.

Astana Business Campus базасында үш ғылыми-техникалық бизнес-кластерлер құрылмақ – жоғары технология, биомедицина және геологиялық бағытта. Алматы инновациялық технологиялар паркінде экспортқа бағытталған жаңа 2 бағыт құрылмақ, олар – аймақтық старт-хаб және технологияларды дамытудың 5 орталығы.

Осыған байланысты технологияларды коммерциализациялау қажет, бұл өз кезегінде 2021 жылға қарай ЖІӨ-дегі инновациялық өнімдер үлесін 2,5%-ға арттырады.

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10