«ҚАЗАҚСТАН - 2050» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ

2010 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысын сайлау қарсаңында, Партияаралық кеңес (ПАК) төңірегіне республиканың  2020 жылға дейінгі даму стратегиясын қолдайтын қоғамдық бірлестіктерді біріктіріп,  «Қазақстан-2020» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясын (ДКЖК-2020) құрды.  Оның құрамына  Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» Одағы» ҰЭП, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасы Ардагерлері ұйымы» ҚБ және т.б. ірі ҮЕҰ енді. 

2011 және 2012 жылдары ҚР Президенті және ҚР Парламенті Мәжілісі сайлаулары өтіп, Коалиция мүшелері екі жыл көлемінде өзінің партиялық қызметі шеңберінде жұмыс істеді.

Өткізілген сайлаулардың қорытындылары бойынша Коалиция өз жұмысын қайта жандандырды.  Атап айтқанда, 2012 жылғы 20 желтоқсанда ДКЖК отырысында  ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқыған жолдаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» жолдауынан туындаған Коалицияның міндеттері талқыланды.

Барша қазақстандықтарды Жолдауды қолдауға шақырған үндеу қабылданып, Коалицияның атауы «Қазақстан-2020»-дан «Қазақстан-2050» деп өзгертілді.

ДКЖК өз жұмысын 2013 жылғы 20 маусымнан қайта  қалпына келтірді.  Коалицияның «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасының негізгі принциптерін жүзеге асыруға азаматтық қоғамдық институттарының қатысуы» күн тәртібімен өткен отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын қолдау туралы Үндеу қабылданып, қатысушылар барлық қоғамдық күштерді ел болашағы үшін өздеріне жауапкершілік алып және жүргізіліп жатқан қайта құруларға атсалысуға шақырды.

Коалицияның міндеттері: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында және Мемлекет басшысының басқа да бағдарламалық құжаттарында айтылған басымдықтарды тиімді жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамдық резонанс тудыратын мәселелерді шешу жөнінде  өкілеттік органдар үшін бірлескен ұсынымдар әзірлеу.

Жаңа қалыпта жұмыс істей отырып, Коалиция қоғамдық мүдделерге келісімдеуді,  маңызды бастамалар бойынша  пікіралуандығын қарастыруды, сондай-ақ оның жұмысында үкіметтік емес жетекші ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді атсалысуы арқылы мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың айқындылығын қамтамасыз етеді.

ДКЖК тиімділігін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және әкімдердің сайлануы секілді әлеуметтік сезімтал мәселелер, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру, кәсіподақтар туралы заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ дуальдік білім беру жүйесін қалыптастыру бойынша Коалиция ұсынымдарын Қазақстан Үкіметінің іс жүзіне асыруы дәлел болады.

«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы нені білу  керек?», «Кәсіподақтар туралы заң жобасына сұрақтар мен жауаптар», «Еуразиялық экономикалық ықпалдастық: қазақстандықтар жиі қоятын 20  сұрақ» әдістемелік материалдары әзірленіп, таратылды.

Еуразиялық ықпалдастық мәселесінің маңыздылығын ескерген "Нұр Отан" партиясы оны 2014 жылғы 19 мамырда өткен ДКЖК соңғы отырысында талқылауға ұсынды. Отырыстың қорытындысы бойынша Үндеу қабылданды.

ДКЖК отырыстарында «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының қабылдануы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауы, 2015 жылы ҚР Президентінің сайлауын өткізу бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасы секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыстардың қорытындылары бойынша ДКЖК мүшелерінің Үндеуі қабылданды.

Коалиция құрамына 6 жетекші саяси партия, 18 ірі қоғамдық бірлестік, 500-ден астам өңірлік үкіметтік емес ұйымдар енді. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпанында ДКЖК-ға «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кірді.

«Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы өзінің қызмет еткен жылдарында (2010-2015 ж.ж) Қазақстанның 6,5 миллионнан астам азаматтарын қамтыған, еліміздің беделді пікіралмасу алаңына айналды. 

\>

Жаңалықтар

  • Сейсенбі, 24 Мамыр 2016 г.

    Құрметті отандастар!

    Жетекші саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, ардагерлер мен аграрлық сала мамандарының, ірі кәсіпорындардың, кәсіподақтардың, еңбек ұжымдары мен жастар қозғалыстарының басын қосқан, барлық әлеуметтік топтардың, барлық өңірдің мүддесін көздеген Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық коалициясы еліміздің азаматтарына үндеу жолдайды.

  • Сейсенбі, 24 Мамыр 2016 г.

    Бүгін «Қазақстан-2050» Демократиялық Күштердің Жалпыұлттық Коалициясының отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед ДКЖК барша қазақстандықтарды Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылауға шақырады деп мәлімдеді.

  • Жұма, 14 тамыз 2015 г.

    Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында «Қазақстан - 2050» демоктратиялық күштері облыстық коалициясының «Қазақстан және дүниежүзілік сауда ұйымы» тақырыбындағы отырысы өтті.

    Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, облыстық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік және туризм, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының өкілдері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

  • Жұма, 10 шiлде 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Коммунистік партиясы», «Ауыл», «Бірлік», «Ақжол» Демократиялық партиясы, «Патриоттар» партиясы, «Парасат» кәсіподақ ұйымы және Алматы қаласы «Азаматтық Альянс» ҚБ өкілдерінің қатысуымен Елбасының «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске асыруына қатысты қалалық Демократиялық күштер Коалициясының кезекті отырысы болып өтті.

  • Бейсенбі, 2 шiлде 2015 г.

    Атырау облыстық партия филиалында Азаматтық қоғам мүшелерінің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды жүзеге асырудағы міндеттерін талқылау бойынша «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің Атырау облыстық коалиция мүшелерінің отырысы өтті.

  • Сейсенбі, 30 маусым 2015 г.

    Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы Маңғыстау облыстық ұйымының мәжілісінде "Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асыруға азаматтық қоғамның қатысуы туралы" мәселе талқыланды.

    «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кеңесшісі Е.Іңірбайұлы осы тақырыпта баяндама жасады.

  • Дүйсенбі, 29 маусым 2015 г.

    2015 жылдың 29 маусым күні «Азаматтық қоғамның «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асырудағы орны тақырыбында «Қазақстан-2050» демократиялық күштері жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті.

  • Дүйсенбі, 29 маусым 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» Ақтөбе облыстық коалициясының отырысы  өтті. Жиынға облыс аумағында жұмыс жасайтын 6 саяси партия филиалдарының төрағалары мен бірінші хатшылары, облыстық мәслихат депутаттары, 9 үкіметтік емес ұйымның жетекшілері, кәсіпкерлік палатасының өкілі мен облыстық кәсіподақтары Кеңесінің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

  • Жұма, 26 маусым 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында «Қазақстан-2050» облыстық демократиялық күштер коалициясының отырысы өтті.

  • Жұма, 26 маусым 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастырумен Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтыӊ Бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «Ұлт жоспары –100 нақты қадам және азаматтық қоғам» тақырыбында Қазақстан Демократиялық күштері коалициясының  кеңейтілген кеңесі өтті.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10