«Кедергісіз келешек»

Өзектілігі

Партияның саяси доктринасына сәйкес әлеуметтік қызметтерге, өмірдің тиісті жоғарғы стандарттарына барлық азаматтардың қол жетімділігі тең болуы тиіс. Бұл мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі арқылы қамтамасыз етілуі керек. Бұл ынтымақтықтың көрінісі – өзара сенім, өзара жауапкершілік пен өзара көмек болып табылады.

Доктринаның құндылықтары: Адам. Әділеттілік. Ынтымақтық. Жанұя және Салт-дәстүрлер. Әділетті әлеуметтік саясат. Жауапкершілікті азаматтық қоғам.

Мемлекеттік қолдау ең алдымен азаматтардың толық қанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді  қатысуына бағытталуы керек.

Мақсаты

мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру. 

Міндеттері
1.Бейінді мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді орындалуына  қоғамдық бақылауды ұйымдастыру.
2.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру.
3.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне қоғамды тарту.
4.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту.

 

 

Жоба менеджері: САНСЫЗБАЕВ Арыстанғали Қадырұлы, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты қоғамдық-саяси жұмыс Департаментінің консультанты.

Байланыс мәліметтеріa.sansizbayev@nurotan.kz

 

 

Жаңалықтар

  • Жұма, 18 қараша 2016 г.

    Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

    Жәрмеңкеде бес ауылдық округтен келген 10 кәсіпорынмен ұйым 42  бос жұмыс орнын ұсынды. Шараға аудандағы 15 ауылмен кенттен арнайы келген азаматтар қатысты.

  • Сенбі, 12 қараша 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында және Халықаралық зағиптар күні қарсаңында Павлодар облыстық көзі көрмейтіндерге арналған кітапханасында «Ақ таяқша» акциясы өткізілді.

    Іс-шара Павлодар облыстық мәслихаты депутаты, партияның депутаттық фракциясының мүшесі Роман Романовтың тікелей демеушілігімен ұйымдастырылды.  Сондай-ақ, шараны ұйымдастыруда облыстық мәслихат депутаты, партиялық жобаның кураторы Гүлмира Нұрханованың үлес қосқандығын да айта кеткен жөн.

  • Сәрсенбі, 2 қараша 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша тақырыптық қабылдау өтті. Қабылдауға партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нәйлә Ахметова және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

  • Сәрсенбі, 2 қараша 2016 г.

    «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Қостанайда мүгедектерге арналған көлік кою ережелерін бұзу жағдайларын анықтауға бағытталған рейд өткізілді. Құқық бұзушылықтармен күресуге нұротандықтардың ұйымдастыруымен кезекті рейдке әлеуметтік объектілерін бейімделу комиссиясының мүшелері, Қостанай облысы бойынша ІІД қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

  • Сәрсенбі, 2 қараша 2016 г.

    Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету Мемлекеттік бағдарламасын Ақмола облысы бойынша әр ауданда жүзеге асырып жүрген жандармен кездесуі болып өтті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.  

    Аталмыш жиынды облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, игілікті істердің басы-қасында жүрген Серік Әкімбаевтың тікелей қолдауымен ұйымдастырылды. 

  • Сейсенбі, 25 қазан 2016 г.

    Партияның облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық  жобасы аясында Қарғалы ауданындағы әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына қолайлылығын тексерді.

    Комиссия мүшелері алдымен Желтау селолық округі, Петропавл ауылындағы Петропавл орта мектебінде болды. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергі қақпа алдынан басталды. Автатұрақ жоқ, пандустың ені тым үлкен, ғимараттың есіктеріне арба сыймайды, ал кіреберіс баспалдақ белгіленген нормадан биік екені анықталды.

  • Сейсенбі, 4 қазан 2016 г.

    Павлодарда «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қаладағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға деген қолжетімділігін анықтау жөніндегі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жұмыс тобының рейді өтті.

  • Дүйсенбі, 3 қазан 2016 г.

    Шымкентте нұротандықтар «Кедергісіз келешек» жобасы аясында рейд өткізді. Партия филиалының жауапты қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен жастардан жасақталған жұмысшы топ  мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кіріп-шығуына бейімдеу жұмыстарын тексерді. Рейд барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

    Әл-Фараби аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» алдындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус стандартарға сай емес: пандустардың ұстайтын қанаттары жоқ, есік табалдырықтары тым биік.

  • Жұма, 30 қыркүйек 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттер 92 пайызға орындалуда. Бұл туралы кеше «Нұр Отан» хатшысы Н.Годунова мәлімдеді. Осы күні оның қатысуымен және «Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын қорғау» бағыты бойынша партиялық комиссияның кураторы, Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркинаның төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өтті.

  • Дүйсенбі, 26 қыркүйек 2016 г.

    Қарағандыда Білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2016 жылғы жоспарына сәйкес, «Инклюзивтік балабақша – инклюзивтік мектеп – инклюзивтік колледж» пилоттық  жобасы, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының аясында «Қазақстанда инклюзивті білім беру: мәселелері және келешегі» атты Республикалық семинары өтті.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10