«Мирас» қоғамдық кеңесі

«Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі. 

«Мирас кеңесі – 2010 жылы 15 қазанда «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған консультативтік-кеңесу органы. Қоғамдық кеңес құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері енген. Кеңес Шешімдері ұсынымдық сипатта болып келеді.

Кеңестің міндеттері:

- «Нұр Отан» партияның мәдениет пен өнер саласындағы басым бағыттары мен оларды жүзеге асыру бойынша шараларды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- Қазақстанның және шетелдің мәдениет пен өнер саласындағы жай-күйі туралы жүйелі түрде ақпараттандыру;

- шығармашылық бірлестіктермен, мәдениет пен өнер ұйымдарымен, шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- «Нұр Отан» партиясының мәдениет саласындағы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысу принциптері мен тетіктерін әзірлеу;

- мәдениет пен өнер саласына қатысты және қоғам үшін маңызы бар басқа да мәселелерді талқылау.

Кеңес жұмысының басты бағыттары:

1) Қазақтың мәдени мұрасы мен Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениетін, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының медиалық ресурстары арқылы  насихаттау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу;

2)  аймақтарда Кеңестің көшпелі отырыстарын өткізу;

3) қоғамдық бастамаларды қарау және оларды Кеңестің тиісті ұсынымдарын әзірлеу барысында қолдану;

4) «дөңгелек үстелге», симпозиумдарға, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен «Нұр Отан» партиясы өткізетін басқа да шараларына қатысу;

2014 жылғы мамырда  партияның облыстық филиалдары жанынан «Мирас» Қоғамдық кеңесінің аймақтық алаңдарын құру жөнінде  жұмыс басталып кетті. Кеңестік аймақтық алаңы сондай-ақ әр аймақта мәдениет, өнер және білім беру салалары өкілдерінің басын қосып, жергілікті жерде Қазақстан Республикасының мәдениет, өнер, киноматография, тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдары, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдық иституттары қызметтерінің бірыңғай стратегиясын әзірлеу мақсатында құрылады.

Жаңалықтар

  • Бейсенбі, 11 ақпан 2016 г.

    Бүгін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

    Іс-шараға белгілі саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ғылым мен өнер саласының өкілдері қатысты.

  • Сейсенбі, 29 желтоқсан 2015 г.

    2015 жылдың 28 желтоқсанында Алматы облыстық партия филиалының мәжіліс залында Нүсіпбай Әбдірахым Додабайұлының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

  • Бейсенбі, 24 желтоқсан 2015 г.

    Бүгін партияның Орталық аппаратында «Шетелдегі қазақ диаспорасының мәдениеті мен тілінің дамуына Қазақстан тарапынан қолдау көрсету мәселелері: шетелдегі қазақ диаспорасының бүгінгі жағдайына шолу жасау, шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының жұмысын жандандыру, шетелдегі қазақ мәдени орталықтары мен Қазақстандағы уәкілетті органдардың өзара қарым-қатынасын нығайту мәселелері туралы» тақырыпта «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысы өтті.

  • Бейсенбі, 5 қараша 2015 г.

    Бүгінде «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың қатысуымен партия жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті кеңейтілген кеңесі өтті.

  • Сейсенбі, 27 қазан 2015 г.

    «Нұр Отан» Партиясының Қостанай облыстық филиалында «Мирас» ҚК кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіндіе облысымыз үшін өзекті мәселелердің бірі қазақ Қостанай облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мен мемлекеттік тілдің дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының үлесі тақырыптары көтерілді.

  • Сейсенбі, 29 қыркүйек 2015 г.

    29 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы «Мирас» облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.

    Қоғамдық кеңес – консультативтік орган. Оның негізгі мақсаты -  шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің  идеялары мен күш-қуатын мәдениет пен өнер, кинематография және тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруға бағыттау.

  • Бейсенбі, 17 қыркүйек 2015 г.

    Жиынның күн тәртібіне «ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аймағымыз бойынша орындалуы» туралы және «Аймағымыздағы ұлттық спорт түрлерінің даму барысы» туралы екі мәселе ұсынылды.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Есімова Ләззат Жұмаханқызы баяндама жасап ұсыныстарын жеткізді.

  • Жұма, 28 тамыз 2015 г.

    ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы мәдениет пен өнер мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің «Конституция  – Қазақстанның даму стратегиясы мен гүлденуінің негізі» атты тақырыппен кеңейтілген отырысы өтті.

    Отырысты Қоғамдық кеңес Төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық  ғылым академиясының президенті, академик М.Ж.Жұрынов ашты.

  • Бейсенбі, 13 тамыз 2015 г.

    «Мирас» қоғамдық кеңесінің Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен отырысы ерекше болды десек артық айтқан болмас.

    Өйткені бұл отырыс өңірге аса маңызды оқиғалардың аясында өтті. Ол – Қазақ хандығының құрылғанына 550-жылдығы және Қазақ даласының терең ойлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100-жылдығы. Осы алып мерейтойлар аталмыш отырыстың ұйымдастыруына басым септігін тигізді.

  • Дүйсенбі, 27 шiлде 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетовтың төрағалығымен, өңірімізге белгілі мәдениет, өнер саласы майталмандары  және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуларымен аудандық «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті.

    Отырыста «Тарихи өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Дәурен Ержанов ауданда жаңадан ашылған  аудандық музейдің  жай–күйі  және мәдени саясатты жүзеге асыру мәселелері туралы хабарлама жасады.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10