«Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес

Құқықтық кеңес – «Нұр Отан» партиясының құқықтық саясатын дайындау мен іске асыру бойынша консультативтік-кеңестік орган.

Кеңестің міндеттері:

- партияның құқықтық саясатын қалыптастыру мен оны іске асыруға қатысу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- партияның құқықтық саясатын іске асыруға партия мүшелерін, қоғамдастықты тарту, ауқымы кең ғылыми орталар мен азаматтық қоғам институттарының әлеуетін пайдалану, сондай-ақ, осы мәселелер бойынша қоғамның ақпараттандырылуын арттыру;

- азаматтар мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарын және заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ету.

Кеңес келесі міндеттерді орындайды:

Заңнама мен заң шығармашылығы үдерісі туралы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының  ақпараттық материалдарын талдайды және және қорытады;

- құқықтық саясат саласындағы шет ел мемлекеттерінің тәжірибесін зерттейді және қорытады;  

- нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды тиесілі мемлекеттік органдардың қарауына береді;

2014 жылы Құқықтық кеңес Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару кодекстері мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша бірқатар сарапшылар тобының кездесулері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмысшы тобының отырыстарын өткізді.

Өткен отырыстардың қорытындысы бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының тиімді соттық қорғалуын қамтамасыз ету үшін азаматтық процессуалдық заңнаманы жаңарту бойынша ұсыныстар дайындалды.

Жаңалықтар

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10