«Sarap Time» сараптама клубы

«Sarap Time» сараптама клубы – саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тақырыпты, сондай-ақ кәсіби шешімдер мен ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі маңызды проблемаларды сараптамалық талқылауға арналған диалог алаңы. Клуб «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саяси институтының қолдауымен «Медиа технологиялары орталығының» бастамасы бойынша құрылған.

Мақсаты:

- өркениетті қоғамдық пікір сайыс салтын нығайту;

- мемлекеттік институттар, сараптамалық қоғамдастық, бизнес-бірлестіктер, саяси партиялар және азаматтық қоғам арасындағы сындарды диалог пен тиімді коммуникациялық арналарды ретке келтіру;

- қоғамның барлық страттарымен  өзара іс-қимыл және кері байланыс жасау;

- қоғамдағы радикализмнің барлық нысандарының көріністерін азайту;

- қоғамдық пікірді қалыптастыру.

Міндеттері:

- Қазақстанның билігі мен қоғамына ұлт өмірінің барлық салаларында жаңарған отан сүйгіштікке бағдарланған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған талдамалық баяндамалар жасау және ұсыну;

- Қазақстанның аймақтарына шығу, астаналық сарапшылармен ғана шектеліп қалмай, еліміздің зиялы дегдарларымен тұрақты өзара іс-әрекет жасау, ҚР-ның барлық облыс орталықтарында клубтың бөлімшелерін құру;

- Қазақстандық бұқаралық медиада жаңа күн тәртібін қалыптастыру, идеологиялық коллапсқа байланысты қоғамда шын мәнінде туындайтын ақпараттық кемшіліктерді жеңу;

- отан сүйгіш мемлекетшілердің мықты саяси-идеологиялық одағын қалыптастыруға ықпал ету.

Қызмет ашық қоғамның мынадай құндылықтарына негізделеді: азаматтардың жеке және ұжымдық еркіндігі, демократия, нарықтық экономика, құқықтардың үстемдігі, идеялар мен бастамалардың еркін бәсекелестігі.

Тақырыптық мүдделер қоғамдық маңызы бар мәселелердің кең көлемін қамтиды. Оның ішінде неғұрлым басым  болып келетіндері мыналар болып табылады:

- Қазақстанның идеологиясы мен ішкі саясаты;

- ҚР-ның экономикалық дамуы;

- мәдениет саясаты;

- жастар саясаты;

- Орталық Азия мен Қазақстан заманауи халықаралық қатынастарда.

Жобаның басшысы – Артур Нығметов, Медиа технологиялары орталығының директоры.

Жаңалықтар

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10