«СШИК» ТАЛДАУ ТОБЫ

«Сшик» талдау тобы – 2009 жылғы тамыздан 2013 жылғы қыркүйек аралығында жұмыс істеп келген Саяси шешімдер институты Клубының (СШИК) ізін жалғастырушы.

«Кипр» талдау тобы мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты 2003 жылғы қыркүйекте әріптестік орнатты. Көптеген сарапшылардың қатысуымен бірлескен бірқатар отырыстар өткізіп, онда  қазақстандық қоғамның маңызды мәселелері талқыланды.

«Сшик»  пікіралмасу алаңының мақсаты – қазақстандық және халықаралық дамудың маңызды әрі проблемалық мәселелері бойынша практикалық шешімдер жасау үшін еліміздің интеллектуалдық капиталын интеграциялау.

Жұмыс бағыты:

Қоғамда көтеріліп жүрген маңызды мәселелерді талқылау. Ерекшелігі – көтерілетін тақырыпты нақты тұжырымдау, сарапшылардың сөйлеген сөздері бойынша мәселені ашу, туындайтын мәселені шешудің түрлі жолдарын іздеуге бағытталған сындарлы пікірсайыстар өткізу. Оның қорытындысы бойынша практикалық сипаттағы талдамалық ұсынымдар жасалады.

Мақсатты аудиториясы:

Сарапшылар қауымдастығы, кәсіби және қоғамдық топтар – экономистер, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар өкілдері, депутаттар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, блогерлер, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, қарастырылатын тақырып бойынша кәсіби мамандар және т.б.

Жаңалықтар

  • Жұма, 13 наурыз 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты мен СШИК талдау тобы «Қайырымдылық туралы» заң жобасын талдауға арналған отырыс өткізді. Жиынға қайырымдылық қорларының, меморгандардың өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен бизнесмендер қатысты.

    Шара барысында елдегі қайырымдылық бастамаларына қолдау білдіру, осы саланы жетілдіру мен дамытуға заңнамалық деңгейде алғышарт жасау мәселелері сөз болды. 

  • Бейсенбі, 13 наурыз 2014 г.

    Сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері мен «Нұр Отан» Қоғамдық саясат институты мүгедектерді әлеуметтендіру мәселелерін талқылады.

    «Намыс» жоғары білімді мүгедектердің қоғамдық бірлестігі төрағасы Қайрат Иманәлиевтің айтуынша,  республикамызда  630 мың мүгедек бар, олардың 43,6% – әйелдер, 10,3% – 18 жасқа толмаған балалар.  

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10