Сәтті қадам

Өзектілігі

«Нұр Отан» партиясының жұмысындағы басымдықтардың бірі «Әлеуметтік саясат» болып табылады, осы бағытты тиімді іске асырудың қажеттілігі бірден екі негізгі құжатта – Доктрина мен партияның Сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген. 
Партия өзінің Сайлауалды Тұғырнамасында жастарды Елбасының үдемелі-индустриалды - инновациялық даму жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға белсенді түрде тартуға ниет білдіретіндігін айтады, сондай-ақ, «меншік нысанына қарамастан мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда қажетті практикалық білім мен бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін бере отырып, ел жастарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін болады». Сонымен, жастар арасында жұмыссыздықтың өсуін тоқтату және жас қазақстандықтарды ел экономикасын жаңғыртуға тарту туралы екі күрделі мәселені қозғайды. 

 

Жобаның мақсаты

Жас мамандар мен ЖОО және ТқЖБ түлектерін еңбек ұжымында әлеуметтендіру.
 

Міндеттері

1. Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру. 
2. ЖОО мен ТқЖБ түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыру. 
3. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі нақты жағдайға бақылауды және мониторингтеуді ұйымдастыру. 

 

Жоба менеджері: Жақыпов Ануар Абайұлы, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының жастар жобалары бөлімінің меңгерушісі.

Байланыс мәліметтері: a.zhakupov@zhasotan.kz

 

 

Жаңалықтар

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10