«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел»

Жобаның өзектілігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыру көзделген, бұл «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобаның негізі болып табылады.

 

Миссия

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру және мемлекеттік органдар қызметінің айқындылығы.

 

Міндеттер
-    халықта сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру;
-    қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тудыру;
-    халыққа билік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдап отырған шаралары туралы ақпараттандыру.

 

 

Жоба менеджері: БАЙМБЕТОВА Нағрипа Орынбасарқызыовна, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты партиялық бақылау Қызметінің консультанты.

Байланыс мәліметтері: n.baimbetova@nurotan.kz

 

 

Жаңалықтар

  • Сейсенбі, 25 қазан 2016 г.

    «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «Нұр Отан» партиясының «Жемқорлықсыз мемлекет – гүлденген мемлекет» жобасы мен аймақтық мемлекеттік қызмет істері бойынша Департаменті, Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапына ерекше сенім білдіруге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында «Еркін пікір» пікірталас алаңдарын ұйымдастырды.

  • Жұма, 21 қазан 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының Қарағанды областық филиалы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің Қоғамдық кеңесінің бірлесе отырып «Біз –жемқорлыққа қарсымыз» атты акциясын өткізді.

  • Сейсенбі, 4 қазан 2016 г.

    Астана қаласы транспорт және коммуникация колледжінде студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу сұрақтары талқыланды.

    «Қылмыстың алдын алу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстелді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы ұйымдастырды.Іс-шара «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші ел» партиялық жобасын іске асырылуы аясында өткізілді.

  • Сәрсенбі, 14 қыркүйек 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен арттыруға бағытталған Жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.

    Конкурс елде іске асырылып жатқан жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты дәріптеу, сондай-ақ, жастарды жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке тарту мақсатында өткізілуде.

  • Сейсенбі, 2 тамыз 2016 г.

    2016 жылдың 30 шілдесінде «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев тұрғындарды қабылдады. Тұрғындар әртүрлі мәселелер бойынша арыз-шағымдарын жеткізді.

  • Бейсенбі, 21 шiлде 2016 г.

    Қарағанды  қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің өңірдегі басшыларымен Партия хатшысы Қ.Жұмашевтің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының Бірінші орынбасары О.Әбдікәрімовтың, Қарағанды облыстық партия филиалының Төрағасы К.Оспановтың, сондай-ақ, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро т.б. өкілдерінің қатысуымен республикалық екі күндік семинар-кеңесі өтуде.

  • Сәрсенбі, 13 шiлде 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында «Жемқорлықсыз балалық шақ» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді. Оған білім бөлімінің басшылығы, мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, еңбек ардагерлері, түрлі мекеме өкілдері қатысаты. Бұл қоғамдық тыңдауда нұротандықтар білім беру ісінің өкілдерін «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның аясында еңбек етуге шақырды.

  • Сәрсенбі, 8 маусым 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының Көкшетау қалалық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесінің және партиялық бақылау Комиссиясының отырысы өткізілді.

  • Жұма, 20 Мамыр 2016 г.

    2016 жылдың 18-мамыр күні «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Әкімшілік полициясы комитетімен бірлескен, партияның «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында елеміздің барлық аймақтарында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы болып өтті. Акцияға Қызылорда облысы, Арал аудандық партия филиалы да өз үлесін қосты. Яғни, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы және Арал АІІБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қала көшелерінде азаматтарды қабылдады.

  • Бейсенбі, 21 сәуір 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында білім беру және денсаулық сақтау салаларында партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жүзеге асырылуы сұрақтар талқыланды.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10