С.Жақыпова: Аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі жайлы

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова:

Елімізде аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі енгізілді. Мемлекеттік қолдау жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса көрсетіледі. Журналистермен кездесу барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова осылай деді. Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын пилоттық негізде бастау алған «Өрлеу» жобасы бүгінде барлық аймақтарда іске асырылып жатыр. Бастаманың мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың өмір сүру деңгейін арттыру. Ол үшін арнайы келісім жасалады. Яғни ақшалай көмектен бөлек, отбасы жобаға қатысу шарты есебінде өзіне міндеттер алады. Отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмысқа орналасып, табыс табуы тиіс. «Осылайша, тұрғындардың белсенділігі артып, әлеуметтік көрсеткіштер жақсарады», - дейді Светлана Жақыпова. Айта кеткен жөн, елімізде 13 мың аз қамтылған отбасы бар. Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары: - Қандай жұмыс табылады сол жұмысқа барып істеуі керек. Бас тартатын кісілер де бар бізде. Алушылардың 87%-ы еңбекке қабілеті бар азаматтар.Сол еңбекке өздері жұмыс істейміз деп отыр, көмек қосымша көрсетіледі.

www.24.kz

 

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10