«Ұлы дала елі»

Өзектілігі

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету. 

Партияның Саяси доктринасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамыту стратегиялық басымдық ретінде белгіленген.

Сондықтан, бұл жоба ұлттық құндылықтарды көпшілікке танытуға және тәуелсіздік идеясын, елдегі халықтар достығын, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты насихаттауға, сондай-ақ, сол арқылы жас ұрпақты адамгершілік, отан сүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге арналады.

 

Жобаның мақсаты

Қазақстан халқының рухани-мәдени құндылықтарын сақтау және молайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру арқылы отан сүйгіштікті нығайту, бірлікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этноконфессиялық келісімді сақтау. 

 

Міндеттері
-  елімізде және шетелдерде Қазақстанның «Ұлы дала елі» ретіндегі имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде ілгерілету; 
- ұлттық құндылықтарды сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; 
- ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шараларға мемлекеттік органдарды және бизнес қауымдастықтарын тарту;
- жастарды қазақстандық отан сүйгіштік рухында, жоғары әлеуметтік-мәдени және моралды-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелеу. 

 

Жоба менеджері: ЖАУЛЫБАЕВ Еркебұлан Бөлтірікұлы, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты саяси жұмыс Департаментінің консультанты.

Байланыс мәліметтеріe.zhaulybayev@nurotan.kz

 

Жаңалықтар

  • Сәрсенбі, 2 қараша 2016 г.

    Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайындағы «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының бастамасымен «Ә.Бөкейхан және Тәуелсіздік идеясы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шара партиямыздың «Ұлы Дала Елі» жобасы аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Ә.Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

    Дөңгелек үстелдің мақсаты – Тәуелсіздіктің тарихы мен бүгінін саралап, Әлихан Бөкейханға қатысты музей қорындағы архив деректерін көрермен назарына ұсыну.

  • Сейсенбі, 12 шiлде 2016 г.

    Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында жергілікті халық Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстандағы әскери құрамалардың құрылған күніне 75 жыл толуына арналған «Ұлы Дала азаматтары» автошеруіне қатысушыларды салтанатпен қарсы алды.

  • Жұма, 8 шiлде 2016 г.

     

    8 июля 2016 года Астанинский городской филиал партии «Нұр Отан» организовал митинг в рамках республиканского автопробега по городам Казахстана «Ұлы дала азаматтары», посвященного 25-летию Независимости Казахстана и 75-летию формирования воинских соединений на территорий Казахской ССР.

    Республиканский автопробег «Ұлы дала азаматтары» С 4 по 12 июля в регионах Казахстана проходит, в котором принимают участие ветераны воинской службы и представители партии Нұр Отан.

  • Жұма, 8 шiлде 2016 г.

     

    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы кезіндегі қазақстандықтардың ерлігінің 75 жылдығына арналған «Ұлы дала азаматтары» автошеруі Петропавлға келді.

  • Дүйсенбі, 4 шiлде 2016 г.

    Бүгін Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар  саябағында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстандағы әскери құрамалардың құрылған күніне 75 жыл толғанына арналған \ патриоттық акция мен салтанатты митинг болып, Қазақстан қалалары бойынша өтетін «Ұлы дала азаматтары» автошеруі сапарға шықты.

  • Жұма, 24 маусым 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен олимпиада жеткіншектерін дайындайтын №1 облыстық спорт мектебінде ұлттық ойындардан жарыс өтті. Партияның «Ұлы дала елі» жобасы аясында өткен ұлттық ойын бәсекесіне 100-ден аса жасөспірім қатысып, күш сынасты. Өскелең ұрпақты қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелеуді мақсат тұтқан жарыс спорттың асық ату, арқан тартыс және қазақша күрес түрі бойынша өрбіді.

  • Бейсенбі, 23 маусым 2016 г.

    2016 жылы 22 маусымда ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және ҰОС жылдары алғашқы әскери құрамалардың құрылуына 75-жыл толуына орай "Ұлы дала азаматтары" атты Республикалық автошеруді өткізу бойынша "Генералдар кеңесі" РҚБ, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының бірлескен баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды.

    1941 жылы 22 маусымда, 75 жыл бұрын Кеңес одағының фашистік Германиямен соғысы басталды және осы жылы алғашқы әскери құрамалар жасақталды.

  • Жұма, 10 маусым 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» партиялық жобасы аясында Алакөл ауданына қарасты «Қайнар» БПҰ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай "Көкпар" ұлттық спорт ойыны өтті. 

    Шараның негізігі мақсаты қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойын түрлерін ел арасында насихаттау, жастардың патриоттық сезімдерін арттыру, ат үстінде мығым отыруын қалыптастыру,  салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

  • Сейсенбі, 7 маусым 2016 г.

    «Нұр Оан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасының басты бағдары – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи жәдігерлер мен халықтық мұраларға мейілінше көңіл бөлу. Тарихымыздың кешегісі мен бүгінгісін саралап, тағылым алар жайларды ұрпақ санасына сңіру. Осы тұрғыдан келгенде партияның «Ұлы дала елі» жобасы көптеген өнегелі шаралардың жүзеге асуына септігін тигізіп келеді. Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында Көкжарлы көкжал Барақ батырдың 315 жылдығының республикалық деңгейде аталып өтуі соның бір дәлелі.

  • Сейсенбі, 31 Мамыр 2016 г.

    Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойлары аясында ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы Дала ойындары" І Республикалық фестивалі болып өтті.

    Республикалық "Ұлы дала ойындары" жобасының басты мақсаты –  Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының іс жүзінде орындалуына ат салыса отырып, халқымыздың байырғы спорт ойындарын дамыту және елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10