Жастар - Отанға!

Маңыздылығы
Жоба «Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын тұратын жауапты азаматтар. Жастарды отаншылдықтың арқауына айналатын осынау құндылықтарды қастерлейтіндей етіп тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ» деп атап көрсетілген Нұр Отан» партиясының Доктринасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XV съезінде партия басты патриоттық күш және Стратегия-2050-де, сондай-ақ «Нұрлы Жол – Путь в Будущее» Жолдауында жарияланған жаңа қазақстандық патриотизмнің жалпыұлттық орталығы болуы тиіс деп атап өткен болатын. Бұл қағида «Жастар - Отанға!» жобасының негізіне айналды. 

Жобаның мақсаты
жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау.

Бағыттары
1. Жастар арасында қоғамдық-рухани құндылықтарды дәріптеу және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша жастардың ірі үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-әрекеті.
2. Жастарды қоғамдық қызметке тарту және еріктілер институтын қолдау.
3. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастарға атаулы көмек көрсету.

Жоба менеджері: Жақыпов Ануар Абайұлы, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының жастар жобалары бөлімінің меңгерушісі
Байланыс мәліметтері: a.zhakupov@zhasotan.kz

Жас Отан» ЖҚ «Жастар Отанға» жобасы аясында ашылған аймақтардағы «Кеңес орталықтары» туралы ақпаратты мына жерден жүктеуге болады.

Жаңалықтар

  • Сәрсенбі, 8 маусым 2016 г.

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданында «Нұр Отан» партиясының «Жастар – Отанға» партиялық жобасы аясында жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін сөз еткен кездесу болып өтті. Кездесуге аудан жастары, жастармен жұмыстанатын үкіметтік емес ұйым төрағалары және Зеленов колледжінің студенттері бас қосты.

  • Сәрсенбі, 8 маусым 2016 г.

    Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйінің коференц-залында  «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының қолдауымен «Халықаралық көшбасшы және өзін-өзі дамыту Академиясы» Қоғамдық қоры, «Жас Отан» жастар қанаты және аудандық әкімдікпен бірлесе «Жастар-Отанға!» партиялық жобасы аясында жастарға арналған «Халықаралық көшбасшы және дипломатия Академиясы» жобасын тарту етті.

  • Сейсенбі, 31 Мамыр 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты «Жастар Отанға!» жобасы бойынша табиғат аясында командалық рухты, бірлік пен тұтастықты дамытуға арналған «Тимбилдинг» ойындарын өткізді.

  • Жұма, 22 сәуір 2016 г.

    Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне «Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы орталығында «Жарқыра, Жайық жастары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жайық өңірінің өнер өлкесіне, әдебиет әлеміне қанат қаққан талантты ұлдары өнер көрсеткен кеш көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.

  • Сәрсенбі, 20 сәуір 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында теміржолшы жастарды арнайы шақырылған таңдаулы тренерлермен  кездесуіне ұйытқы болды.

    Олар теміржолшы  жастарының алдағы уақытта уақытты үнемдеу, ұжыммен жұмыс жасау, ситуациялы мәселерді шешу жолдарын үйретіп, тәжірибе жиып, көпшілікпен жұмыс жасау әдістерін көрсетіп, жаңа жобалар дайындау әдістерінен дәріс, шыңдалу сабақтарын өткізді.

  • Сәрсенбі, 20 сәуір 2016 г.

    Павлодар қаласында «Қаз қонақ» атты тарихи табиғат ескерткішінің аймағында «Жас Отан» жастар қанатының қатысуымен қалалық сенбілік өтті. Сенбілік мақсаты «Қаз қонақ» табиғат ескерткішін тазалау, патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау. Сенбілікке қатысқандар аймақты қоқыстан тазалап, табиғат ескерткішінің қайта жаңаруына атсалысты. Сенбілік «Жастар – Отанға!» жобасы аясында жүзеге асты. Ұйымдастыруды «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы, «Жасыл ел» жастар отряды және «Павлодар география үйі» қолға алды.

  • Сәрсенбі, 6 сәуір 2016 г.

    «Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында Алакөл аудандық филиалына қарасты «Үшарал» БПҰ-ның «Жалын» жастар комитеті мүшелерінің ұйымдастыруымен № 2 орта мектебінің спорт залында «Спорт – денсаулық кепілі» атты тақырыпта мектеп мұғалімдері арасында эстафеталық жарыс өтті.

  • Дүйсенбі, 11 қаңтар 2016 г.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауын насихаттау аясында Ақмола облысы Жарқайың ауданында белсенді жастардан құралған арнайы қоғамдық ақпараттық-насихат тобы халықпен жұмысын жүргізуде.

  • Сәрсенбі, 28 қазан 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында өткен алғашқы жиынға қаланың С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ және колледждер студенттері қатысуға ниеттерін білдірді. Партия облыстық филиалы төрағасының біріші орынбасары Айзада Құрманова Универсиада өткізілуінің маңызын айтып, жастарға сәттілік тіледі. «Универсиада-2017» Павлодар облысындағы үйлестірушісі Арсланбек Мұхаметқайыров волонтер болудың қандай екендігін әңгімелеп беріп, облыс еріктілерінің Қазақстанда үздік болып танылуы мақсатында аянбайтынын атады.

  • Сәрсенбі, 28 қазан 2015 г.

    Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында 6-8 қараша күндері Тараз қаласында өтетін «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХІІІ Республикалық пікірсайыс турниріне орай өткізілген Шығыс Қазақстан облыстық іріктеу ойындары Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ қабырғасында өтті.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10