ЖАСТАРДЫҢ «ЕРКІН ПІКІР» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫ

«Еркін пікір» пікірсайыс клубы  - жастардың өзекті мәселелерін, мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының барлық деңгейдегі жергілікті өкілеттік органдары мен фракциялары депутаттарының жастармен өзара іс-қимылын жандандыруға арналған ашық пікірісайыс алаңы.

Клуб жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, түрлі сарапшылар мен қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, БАҚ  өкілдері және т.б. қатысады.

«Еркін пікір» пікірсайыс клубы 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жұмыс істеген 5 жыл ішінде  клуб шеңберінде түрлі маңызды мәселелерді талқылаған 120 астам отырыс өтіп, оған шамамен 5000 адам атсалысты.

Отырыстардың қорытындысы бойынша түрлі мемлекеттік өкілетті органдар мен мәслихаттарға 30 астам ұсынымдар жолданды.

Отырыстар шеңберінде талқыланған аса өзекті мәселелер қатарында  мемлекеттік жастар саясаты туралы заң, баспана және еңбекке орналасу мәселелері, салауаттылықты қамтамасыз ету, қоғамдық көліктегі жеңілдіктер, діни сауаттылық және т.б. мәселелер болды.

Жаңалықтар

  • Бейсенбі, 1 қазан 2015 г.

    «Еркін пікір» жастар дискуссиялық клубының «Жемқорлық: жастардың көзімен» тақырыбындағы отырысы өтті.

    Отырыс барысында жастар арасындағы, қоғамдағы жемқорлық мәселесі талқыланды.

    Клуб отырысының басты мақсаты — қатысушылардың барлығына белгілі жастар саясаты саласында қалыптасқан мәселені тек талқылап қана қоймай, оны шешу бойынша нақты механизмдер ұсыну.

  • Дүйсенбі, 24 тамыз 2015 г.

    Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалы «Назарбаев орталығында» Ата Заңымыздың 20 жылдығына орай «Еркін пікір» жастар дискуссия алаңын өткізді.

  • Бейсенбі, 16 шiлде 2015 г.

    Ағымдағы жылдың 10-шы шілде күні «Нұр Отан» партиясының Ақсы қалалық филиалы конференц залында «Еркін пікір» дискуссиялық алаңы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жүз нақты қадам» бес институцианалды реформасын жүзеге асыру мақсатында қала жастармен бірге ашық пікір алмасу түріндегі талқылауы өтті.

    Аталған шараны «Нұр Отан» партиясының Ақсу қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айдос Оразалин жүргізді. Сондай-ақ шараға қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева қатысты.

  • Бейсенбі, 2 шiлде 2015 г.

    Жуырда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «Елбасымен бірге жастардың жүз қадамы!» жастармен кездесуі «Еркін пікір» жобасы аясында өтті. Шараға жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, жас мемлекеттік қызметкерлер,  «Жас Отан» ЖҚ жетекшілері мен белсенділері, Жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, жастар ісі бойынша комитеттер төрағалары мен мүшелері қатысты.

  • Бейсенбі, 28 Мамыр 2015 г.

    Павлодарда жемқорлыққа қарсы әрекет Республикалық Кеңесі сараптау тобының басшысы Оралбай Әбдікәрімовтың қатысуымен «Еркін пікір» жастар пікірсайыс клубының отырысы өтті. «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет – өркендеген мемлекет» атты тақырыпта өткен отырысқа «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айзада Құрманова, «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Айтышев, жастар ұйымдарының өкілдері және студенттер қауымы қатысты.

  • Жұма, 24 сәуір 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы  мүшелері "Еркін пікір" жобасы аясында республикалық «Табылды Досымов» қорының президенті, ақын Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлымен кездесті. 

    Белсенді жастар мен ақынның арасындағы әңгіме отансүйгіштік, жасы үлкендерге құрмет көрсету, отбасындағы құндылықтар және тағы басқа бағытта өрбіді. 

  • Сейсенбі, 24 ақпан 2015 г.

    Батыс Қазақстан облысы  «Жас Отан» ЖҚ филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы өтті.

    Әрдайым дискуссиялық клуб қатысушылары жастардың өзекті мәселелерін, мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ, әр түрлі елде болып жатқан өзгерістерді талқылап отырады.

    Бүгінгі кезекті отырыста «Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту» секілді айтулы мәселелер көтерілді. 

  • Бейсенбі, 19 ақпан 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалында өткен «Еркін пікір» дискуссиялық алаңына жастар ұйымдарының көшбасшылары, оқу орындардағы «Жас Отан» ЖҚ–ның бастауыш бөлімшелері, жұмысшы жастар, жас мамандар кеңестерінің төрағалары қатысты.

    Сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ МОФ атқарушы хатшысы Ә.Нұров, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов, облыстық жастар ресурстық орталығының  директоры Е.Әнесов қатысты.

  • Жұма, 13 ақпан 2015 г.

    Пікірталас үшін «Жастардың жұмыспен қамтылуы» тақырыбы таңдалды. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Райхан Абдрахманова, қалалық мәслихат депутаты Владимир Витченко, Солтүстік Қазақстан облысы Жастар бастамалары орталығының директоры Данияр Әбутәліп, «ДАМУ» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қонсультанты, сонымен қатар жастар ұйымдарының басшылары, студенттер шақырылды.

    Кездесудің қатысушылары талқылаған негізгі мәселе бұл - оқу үрдісінде студенттердің жұмысқа орналасудағы мүмкіндіктері мен ережелері.

  • Сәрсенбі, 5 қараша 2014 г.

    «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының  Ақмола облыстық филиалы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» тақырыбында «Еркін пікір» пікірталас алаңын өткізді.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10