«NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысы жарияланды

Дүйсенбі, 12 желтоқсан 2016 г.

«Нұр Отан» партиясы өнертапқыш жастар арасында өткізген республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысын жариялады. Соған орай бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады.

Аталған байқауды Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл «Нұр Отан» партиясы жариялаған болатын. Оның басты мақсаты – жастарымыздың ғылым-білімге және инновацияға деген қызығушылықтарын арттыру.

«NURINTECH» байқауы 5 аталым бойынша өткізілді. Олар: «әлеуметтік маңызы бар инновация», «техностарт», «үздік жас ғалым», «жастар инновациялық жобасы» және «перспектива». Әр аталымда үздік үштіктер анықталды. Сондай-ақ, байқау барысында белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар тағайындалғанын атап өткен жөн.

Жалпы еліміздің әр түкпірінен байқауға қатысуға ниет білдірген 1000-ға жуық өтініш келіп түсті. Олар негізінен жасыл энергетика, химия, биология, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина, робот техникасын жасау, көлік және IT-индустрия саласындағы инновациялық жобалар. Солардың арасынан шешуші кезеңге, яғни финалға бүгінде сұранысқа ие, экономикалық жағынан тиімді және мейлінше жетілдірілген 30 жоба іріктелініп алынды. Жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы тәуелсіз комиссия құрылды. Оның құрамында белгілі отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, мемлекеттік орган және бизнес-қоғамдастық өкілдері болды. Атап айтқанда, жас өнертапқыштардың жұмысын Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, Ұлттық биотехнологиялық орталықтың бас директоры Ерлан Раманқұлов, Ұлттық технологиялық даму жөніндегі орталық төрағасының орынбасары Дәурен Сәбденов, «Astana Innovations» жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Қалдыбаев, «Касперский лабораториясының» өкілі Виталий Ли, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов, Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин, Денсаулық және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов және тағы басқа белгілі тұлғалар бағалады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары инновацияға салынған бір доллардың кейін еселеп қайтатынына ерекше назар аударды.

«Жуырда ғана біз президенттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының кезекті белесіне куә болдық. Елбасы бір мезетте 23 жаңа ауқымды өндіріс ошағын іске қосты. Олардың баламасы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл мега-жобасы қазірдің өзінде елімізде мыңнан астам ірі кәсіпорынның ашылуына мүмкіндік берді. Олардың жалпы құны 4,5 трлн. теңгеден астам қаражатты құрайды. Жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Сол себепті де Мемлекет басшысы индустрияландыру Қазақстанның ең басты міндеті екенін үнемі айтып жүреді. Сондықтан да Партия Лидері «NURINTECH» байқауын жариялаған болатын. Енді жас ғалымдар мен өнертапқыштар Президентіміздің инновацияны дамытуға бағытталған саясатының басты қолдаушылары болуы тиіс», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Байқау қорытындысы бойынша 20 қатысушы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нәтижесінде Гран-при мен бас жүлде – 2 млн. теңгені қарағандылық жас ғалым, алғашқы отандық дронды құрастырушы Нұржан Есмағамбет еншіледі.

Сонымен қатар, 1-орын иегеріне – 1 млн., 2-орынға – 500 000, ал 3-орын алған қатысушыға 250 000 теңге сыйақы берілді. Одан бөлек, «перспектива» аталымы бойынша жеңімпаз атанған қатысушыға Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінде оқуға мүмкіндік беретін білім гранты қарастырылған. Сондай-ақ, 2 және 3-орын алған жас ғалымдарға ноутбук, планшет сияқты бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10

Мамыр 2018

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
30
 
31