«Нұр Отанның» Орталық аппаратында партиялықтар марапатталды

Сәрсенбі, 14 желтоқсан 2016 г.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында мемлекеттік марапаттарды табыс ету рәсімі өтті. Ұлттық мерекеміз - Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары марапаттарды  табыс ету ізгі дәстүрге айналды. Нұротандықтар партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолынан жоғары наградаларын алу құрметіне ие болды.  

- Жиырма бес жыл бұрын картада біздің қасиетті Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті пайда болды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасымыз біздің елімізді көрегенділікпен алға бастап келеді. Біз бір кездері әлемдегі ең дамыған 50 мемлекеттің қатарында болуды армандаған едік, бүгінгі таңда біз осы рейтингте 40-шы орында тұрмыз. Мемлекет басшысы алдымызға одан да ұлы мақсат қойып отыр, ол - әлемдегі бәсекеге қабілетті ең дамыған 30 мемлекеттің қатарынан табылу, мен бұл мұратымызға да біздің Лидеріміздің жетекшілігі арқасында жететінімізге толық сенімдімін, - деді ол.

Мұхтар Құл-Мұхаммед партиялықтарды Тәуелсіздік Күнімен құттықтай келіп, мемлекеттік марапаттармен құттықтау туралы Жарлыққа ел Президентінің өзі қол қоятынын ерекше атап өтті.

-  Мен Мемлекет басшысы, Ұлт Лидерінің сіздерге артқан жоғары сенімін келешекте те үлкен абыроймен ақтай беретіндеріңізге сенімдімін, - деді Партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Марапатталғандар тізімінің ішінде – партияның дамуына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің нығаюына жеке үлесін қосқандар бар.  

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достық пен халықтар арасындағы қарым-қатынастың нығаюына қосқан үлесі үшін «Парасат» орденімен «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдауының жетекшісі Жұмажан Жүкенов және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының басшысы Гүлнәр Сейтмағанбетова марапатталды. «Құрмет» орденін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, партияның Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыров, партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева, партияның Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ахат Мурзалин және Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық аймағының әкімі Бақытгүл Жұманбаева алды.  «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткері» құрметті атағы «НҰР-Медиа» ЖШС бас директоры Жаңай Омаровқа және «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіпке берілді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен партияның Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Қанат Әзімханов және басқалар марапатталды. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына партияның орталық аппараты саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Гүлмира Ешкеева, партияның орталық аппаратының инспекторы Мәдина Қадырова, орталық аппараттың кадрлық саясат департаментінің директоры Әсел Кеңесова, республикалық қоғамдық қабылдаудың консультанты Асқар Құмарбай және басқалар ие болды.  Қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, департамент директоры – партияның орталық аппаратының бас бухгалтері Нүргүл Байзирова, партияның орталық аппаратының инспекторы Серік Ғалиев, партияның орталық аппаратының инспекторы Болат Данияров, партия хатшысы Қаныбек Жұмашев, партияның орталық аппаратының жетекшісі Ақылбек Ихданов, партияның орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Айдос Зиядин, аудит қызметінің жетекшісі партияның  Құттықожа Ыдырысов «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен атап өтілді. 

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10

ақпан 2018

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
 
 
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28