Партия «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын талқылады

Жұма, 30 желтоқсан 2016 г.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы талқыланды. Оны таныстыру үшін әзірлеушілер – Ұлттық экономика министрлігінің,  «Бәйтерек ҰБХ» АҚ-ның, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның және т.б. өкілдері шақырылды. Сондай-ақ бейнеконференция бойынша өткен кеңеске партияның өңірлік және аймақтық филиалдарының басшылары, мүдделі меморган өкілдері, мәслихат депутаттары, сарапшылар қатысты.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова кеңесті ашқаннан кейін, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті.  

-  Осы мәселеде мемлекет біртұтас кешенді шаралар қабылдады және қазіргі кезде партияның жүзеге асырылып жатқан Сайлауалды бағдарламасында жаңа тұрғын үй саясатын жүргізу көзделген, - деді ол.

Қабылданған шаралардың арқасында жыл сайын шамамен 8 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуда. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қабылданған және іске асырылатын «Нұрлы Жол» бағдарламасы тұрғын үй құрылысына негізгі қозғаушы күш берді, соның шеңберінде  1,4 млн. шаршы метр жалға алу тұрғын үйін салу көзделіп отыр. Міне, бүгінгі күні  537 мың шаршы метр пайдалануға берілді, яғни 9 мың отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар құрылыс саласындағы бір жұмыс орны бір-бірімен байланысты салаларда 6 жұмыс орнының пайда болуына ықпалын тигізеді.

-  2016 жылдың 9 қыркүйегінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген, Қазақстан Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жаңа кешендік жолдардың керек екенін атап өтті. Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысының бірыңғай Бағдарламасын дайындауды тапсырды. Таяуда Үкімет Бағдарламаны толық қолдады. Премьер-Министр соңғы түзетулерді енгізіп, 2017 жылдың басынан бағдарламаны іске асыру қажет екенін атап өтіп, аталған құжатты жыл соңына дейін бекітуді тапсырды, - деді ол.

Елбасы партияға Үкіметпен бірге бағдарлама жобасын тұрғындармен, қоғамдастықпен және бизнеспен талқылауды тапсырды.

Партия хатшысының айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты оған 2015-2019 жылдарға арналған Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың бағдарламасына құрылыс мәселесін біріктіре отырып қалың елдің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру.

Жаңа Бағдарламаның негізгі ережелері мен бағыттары туралы ҚР Ұлттық экономика министрлінің Құрылыс ісі және ТКШ жөніндегі комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов әңгімелеп берді. Олардың ішінде - ипотекалық несиелерді ипотекалық қарыздарды субсидиялау арқылы қолдау, жеке меншік салушыларды ынталандыру, Тұрғын үй құрылыс банкінің салымшылары мен әкімшілікте кезекте тұрғандар үшін несиелік тұрғын үй құрылысының мөлшерін ұлғайту, мемлекеттің инженерлік коммуникацияны салып беру арқылы жеке құрылысты дамыту бар.

- Бағдарламамен сыйақысы жылына 17%-дан аспайтын банктердің мөлшерлемесіне көмекқаржы бөлу қарастырылуда. Ақырғы қарыз алушының ипотекасын 10%-ға дейін төмендету үшін мемлекет 10 жыл бойы сыйақы құнының 7%-на көмекқаржы бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда адамдар жылына 10%-дан аспайтын ипотекалық несиелерге қол жеткізе алатын болады, - деді ол.

Қарыз алушы үшін міндетті шарт – бірінші тұрғын үйді сатып алуы, қарыз алушының есеп шотында тұрғын үй құнының 30% көлеміндей қаржының болуы. Астана мен Алматы қалаларындағы он бес жылға алынатын несиенің сомасы 20 млн. теңгеден, өңірлерде 15 жылдан аспауы тиіс. Сарапшылардың бағалауы бойынша, несие бойынша ай сайынғы несие бойынша төлем Алматы мен Астана қалаларында – 158 мың теңгені, өңірлерде – 116 мың теңгені құрайды.   Бұл мақсатты іске асыру үшін 2017 жылғы республикалық бюджетте 10 млрд. теңге қарастырылған, ол өз кезегінде 120 млрд. теңгеге жеңілдетілген ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді.

- Бұл шара 216 жылғы болжанған көлеммен салыстырғанда ипотека көлемінің 18% ұлғаюына мүмкіндік береді, - деді ол.

Жеке құрылысшыларды ынталандыру үшін мемлекет сондай-ақ банктер мен құрылыс компанияларына берілетін несиелер бойынша 7% пайыздық мөлшерлеме шегінде көмекқаржы бөлуді көздеп отыр. Бұл ретте салынған тұрғын үйдің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына белгіленген бағалар бойынша, Астана және Алматы қалаларында 1 шаршы метрі үшін 260 мың теңгеге дейін, басқа аймақтарда – 1 шаршы метрі үшін 220 мың теңгеге дейін сатылатын болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдікте кезекте тұрғандарды алдағы уақытта несие тұрғын үйімен қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы бөлінген қаражет есебінен «револьверлік» қағида бойынша несиелік тұрғын үй құрылысын салу жалғастырылатын болады. Бүгінгі күні 2017 жылға арналған республикалық бюджетте 11 млрд. теңге қарастырылған, бұл құрылыс салушылардың банктік несиелеріне 157 млрд теңге сомасында көмекқаржы бөлуге мүмкіндік береді. Бұл шамамен 600 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын қосымша қаржыландыруға жетеді.

Тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаражаттың айналымдылығын қамтамасыз ету үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жыл сайын 24 млрд теңге бөлінетін болады, бұл өз салымшыларына төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша тұрғын үй беруге мүмкіндік жасайды.

Нәтижесінде, 15 жыл ішінде 12,0 млн шаршы метр несиелік тұрғын үй салынатын болады, бұл 200 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік жағынан неғұрлым әлсіз тобына арналған сатылмайтын жалдау тұрғын үйінің аймақтық қорын құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

- Атап айтқанда, бұл жерде бірінші топтағы мүгедектер мен жетім балалар туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ елдегі экономикалық ахуал жақсарған кезде азаматтардың бұл санаты кеңейе түседі деп белгіленген. Осы мақсаттар үшін 2017 жылдан бастап республика бойынша 15 мың пәтердің құрылысына жыл сайын 25 млрд теңге  бөлу жоспарлануда, - деді Мархабат Жайымбетов.

Астана, Алматы, Атырау, Актау қалаларында таза әрленген тұрғын үйдің (инженерлік желілердің құнын қоспағанда) 1 шаршы метрінің құны 180 мың теңгеге дейін, ал басқа аймақтарда – 140 мың теңгеге дейін жетеді. Жалпы көлемі 65 шаршы метрден аспауға тиіс. 15 жыл ішінде жалдау тұрғын үйі қорының бағдарламасын іске асыру 45 мың пәтерді немесе 2,2 млн. шаршы метр тұрғын үй көлемін құрайды.

Жаңа бағдарлама бағыттарының бірі инженерлік коммуникацияларды жүргізе отырып, мемлекеттің жер учаскелерін беруі арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту деп белгіленген. Бұл мақсаттарға жыл сайын 80 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрі 120 мың теңгеден астайтын болады (инженерлік желілердің құнын қоспағанда).

- Облыс орталықтарында ЖТҚ (Жеке Тұрғын үй Құрылысын) дамыту үшін жеке тұрғын үйді бірегей құрылыс салушы арқылы бірегей архитектуралық стильде салуды көздейтін жаңа пилоттық тәсіл енгізілетін болады, - деді ол.

Пилоттық жобаға қатысушы кезекте тұрғандар өздері жер учаскесімен бірге, жүргізілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар дайын үйді сатып алуға немесе оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алуға құқылы. Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз қаражаты және қарыз қаражаты есебінен 70 млрд. теңгеге дейін қарыз беруге дайын.

Түпкілікті қарыз алушыға қарыз бойынша сыйақы мөлшерін 5%-ға дейін төмендету үшін, Мемлекет ипотекалық несиелеуді қолдау бағыты шеңберінде (Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы) сыйақы құнының 8,3%-на дейін жәрдемқаржы беретін болады. Мұндай тәсілдер кезінде кезектегі адам үшін ай сайынғы төлем алғашқы 5 жылда – 70 мың теңге, одан кейінгі 10 жылда – 56 мың теңге болады.

Аталған шаралар жыл сайын шамамен 40 мың жеке үйлер (4 млн. шаршы метр), оның ішінде облыс орталықтарында 10 мың және ауылдық жерлерде 30 мың жеке үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді.

Мархабат Жайымбетов сөзін қорыта келіп, жаңа бағдарлама шеңберінде көзделген барлық шараларды іске асыру жыл сайын шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызуға мүмкіндік беретінін атап айтты. «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 1,5 миллионнан асатын тұрғын үй салынады, оның ішінде 274 мың тұрғын үй 2017-2019 жылдары салынатын болады.

Кеңес барысында партияның аймақтық филиалдарының қатысушылары мен өкілдері бағдарламаны әзірлеушіге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. 

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10

ақпан 2018

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
 
 
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28