«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Дүйсенбі, 2 қаңтар 2017 г.

 

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты Қарағанды облысы Шахан кентінде болған адам өліміне алып келген төтенше жағдайға байланысты қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреді.

Қазақстан Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ, уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Төтенше жағдай 2017 жылдың бірінші күнінде сағат 22:40-та болды. Атап айтқанда, Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үй жертөлесінде бу қазандығы жарылып, кіреберістердің бірі опырылып түсті. Салдарынан 15 пәтерге зақым келді. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай департаментінің мамандары үйдің қалған бөлігіндегі тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні аршуға кірісті. Қалалық әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, апат кезінде үйде 118 тұрғын болған. Ал жарылыс салдарынан зардап шеккен төртінші кіреберісте келген қонақтарды қоса есептегенде 30-ға жуық адам болған.

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10

Мамыр 2018

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
30
 
31