Шымкентте нұротандықтар ауған ардагеріне қоларба табыстады

Сәрсенбі, 4 қаңтар 2017 г.

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық  мәслихат депутаты, партия фракциясының мүшесі Рашкүл Оспаналиева тұрғындардың арыз-өтініштерін қабылдады.

Шымкент қаласының тұрғыны, Фарида Бегимова 30 жылдан астам ағасы, ауған соғысының ардагері, бірінші топ мүгедегі Еркін Қасымовқа қамқоршы болып отыр. Олар бір бөлмелі пәтерде ағасының жәрдемақысына күн көруде. Қоғамдық қабылдауға келген Фарида Бегимова партиялықтардан әлеуметтік көмек және мүгедектерге арналған қоларба сұраған.

Депутат Шымкенттегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласып, 1 топ мүгедегіне жеке көмекші ретінде Фарида Бегимоваға жәрдемақы төлеу бойынша келісті. Сондай-ақ, өз қаражаты есебінен Еркінге қоларба табыстады.

- Менің ағам әскерге бара жатқанда, тепсе темір үзетін жігіт еді. Ауған соғысынан кейін, үйге мүгедек болып оралды. Мен оның жағдайына қарап, жұмысымды тастадым. 30 жылдан астам ағама жеке көмекші болып үйде отырмын, бүгінгі таңда күн көру өте ауыр болып кетті. Менің құрбымның кеңесі бойынша осы қоғамдық қабылдауға келген едім, партиялықтар маған қол үшын созып, қамқорлық жасады. Депутат Оспаналиеваға және «Нұр Отан» партиясына алғысым шексіз, - деді ол.

Қоғамдық қабылдауға Кентау қаласынан келген зейнеткер Тыныштық Иманғалиева немересі Нұрсұлтан Құлтаевты тұрақты жұмысқа орналастыруына көмек сұраған еді.

- Ол өткен жылы жоғары оқу орнын «қызыл дипломмен»  бітірген, алайда өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүр. Депутат Рашкүл Оспаналиеваның ықпалымен Нұрсұлтан келесі айдан бастап «Қазақтелекомда» тағылымдамадан өтетін болды, - дейді зейнеткер.

Сол күні депутаттың қабылдауында он азамат болды. Олар жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, әлеуметтік көмекке және жерге мұқтаждық мәселелері бойынша келген.  Қабылдау барысында Рашкүл Оспаналиева  азаматтардың мәселелерін оң шешілуіне ықпал етіп, барлығына заң аясында кеңестер берді.

 

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10

ақпан 2018

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
 
 
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28