Баспасөз баяны

Сейсенбі, 13 желтоқсан 2016 ж.

Партияның үздіктері марапатталды

2016 жылдың 13 желтоқсанында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясының үздік қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Қоғамдық қабылдаулардың жұмысын ынталандыру мен жақсарту мақсатында 2010 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының үздік қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауы жыл сайын өткізіліп келеді. Төрт жыл қатарынан өткізілген байқаулар партияның қоғамдық қабылдауының жұмысын жандандыруда оң нәтижелер берді.

Дүйсенбі, 12 желтоқсан 2016 ж.

«NURINTECH» республикалық инновациялық жобалар байқауының қорытындысы жарияланды

«Нұр Отан» партиясы өнертапқыш жастар арасында өткізген республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысын жариялады. Соған орай бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады.

Аталған байқауды Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл «Нұр Отан» партиясы жариялаған болатын. Оның басты мақсаты – жастарымыздың ғылым-білімге және инновацияға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сәрсенбі, 30 қараша 2016 ж.

Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Нұр Отан» партиясы жастардың мүшелікке өту белсенділігін қолдайды

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның 25 құрдасы «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды. Олардың қатарында ғалымдар, спортшылар, дәрігерлер, ветеринарлар, әртістер, кәсіпкерлер, мұғалімдер, журналистер, фермерлер және мемлекеттік қызметкерлер бар. Жас патриоттарға партиялық билеттерді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхммед тапсырды.

Дүйсенбі, 28 қараша 2016 ж.

Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы өңірлік партия ұйымдары үшін үлгі болуы тиіс

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жасалған жұмыс туралы есепті тыңдап, келешектегі басым бағыттарды айқындап берді.

Сәрсенбі, 23 қараша 2016 ж.

«Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы Астананың атауын өзгертуге қолдау білдірді

Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысын өткізді. Ол «Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының азаматтық қоғамды нығайтудағы рөлі» тақырыбына арналды.

Сәрсенбі, 16 қараша 2016 ж.

Партия аппаратында «БАҚ дамытудың заманауи құралдары» тақырыбында журналистермен баспасөз-хатшылары ж арналған семинар бастау алды

2016 жылдың 16 мен 17 қарашасында «Нұр Отанның» Орталық аппаратының ғимаратында (Қонаев көшесі 12/1) партияның Саяси менеджмент мектебі ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің тапсырмасымен отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен журналистер, баспасөз-хатшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік орган басшылары үшін «БАҚ дамытудың замануи құралдары» тақырыбына арналған семинарлар өткізеді.

Бейсенбі, 10 қараша 2016 ж.

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Біздің есігіміз қазақстандықтарға әрдайым ашық

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары азаматтардың қабылдауын өткізді.  Партияның республикалық қоғамдық қабылдауында өткен іс-шарада Мұхтар Құл-Мұхаммед отбасылық үлгідегі Қызылорда балалар ауылының директорымен, мүгедекпен, алматылық фермермен және Көкшетау медициналық колледжінің студентімен кездесті.   

Сейсенбі, 25 қазан 2016 ж.

Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Бизнестің жол картасы» кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік туғызып отыр

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу  сапасын тексерді.  Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды.

Бейсенбі, 20 қазан 2016 ж.

Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Нұрлы жол» бағдарламасы ұдайы «Нұр Отан» партиясының бақылауында болады

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен партияның Парламент Мәжілісіндегі Фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.

Сейсенбі, 18 қазан 2016 ж.

«Нұр Отан» партиясы Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысы

«Нұр Отан» партиясы Партиялық бақылау комитетінің «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының партияішілік тәртіпті нығайту бойынша жұмысы туралы» және «Партиялық бақылау комитетінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары» бойынша кезекті отырысы. 

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10