Жедел желі

Халықпен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының Жедел желісі жұмыс істейді. Желінің бірыңғай он бір сандық нөмірі -  8 800 080 4441.

Азаматтардың Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қоңырау шалуға мүмкіндігі бар.

Жедел желінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 8-ден 19-ға дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері соғылған қоңыраулар жазылып отырады. Ешбір өтініш қараусыз қалмайды!

Сондай-ақ, азаматтар хабарламаларды және Whatsapp мессенджері арқылы сурет пен видеоны + 7 700 800 4441 нөміріне жібере алады.

Азаматтар жедел желімен:

1) «Нұр Отан» партиясы мүшесінің Әдеп кодексін бұзғаны мен заңсыз әрекеттері, оның ішінде мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық заң бұзушылықтары, бюджеттік қаржылардың,  оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ,  басқа да мемлекеттік және салалық, өңірлік бағдарламаларға байланысты тиімсіз пайдаланылған деректері бойынша хабарлай алады;

2) азаматтар жеке мәселелері бойынша қабылдауға жазылып, өтініштердің қаралу барысын біліп, кеңес алып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру т.б. бойынша ұсыныстар бере алады. 

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10